
Аудан әкімі аудан тұрғындарын 8 наурыз мерекесімен құттықтады.
Салтанатты жиыннан кейін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концертті тамашалады.
Аудан бойынша 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жалғыз басты қарт кісілер, аз қамтылған отбасылар, көп балалы аналар барлығы 815 адамға 5 млн. теңге көлемінде демеушілер арқылы көмек көрсетілді.