Мемлекеттік қызметтер сапасы басты назарда

Мемлекеттік қызметтер сапасы басты назарда

Іле ауданы әкімі жанындағы мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау жөніндегі арнайы талдау тобының отырысы өткізілді.
Отырысқа аудан әкімі аппаратының басшысы, талдау тобының төрағасы Садықов Асқар Жұмаханұлы қатысып, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталып, жаңа құрамның мүшелерімен таныстырды.
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпраттық технологиялар бөлімінің басшысы С.Ерболатұлының хабарламасы бойынша алдағы уақытта аталған жұмыстарды одан әрі жандандыру бойынша ұсыныстар айтты.
Талдау тобының мүшесі «Үміт шырағы» мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары Г.Оңғарова сөз сөйлеп, алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекеттік қызметтерді қолжетімді түрде алуына топ мүшелері жұмыла жұмыс жүргізу керектігі туралы ұсыныс білдірді.
Жиын барысында Асқар Жұмаханұлы арнайы мониторингтік топтың жұмысын тұрақты түрде жүргізіп, мемелкеттік қызмет алушыларға қолжетімділікті арттыру бойынша топ мүшелеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау жөніндегі арнайы топтың мүшелері қоғамдық ұйым, қоғамдық кеңес мүшелері мен аудандық депутаттар мен БАҚ өкілдерінен және жастар ресурстық орталығы мүшелерінен құрылғанын атап өткен жөн.