
АУДАН ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Бүгін аудан әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы тұрғындарға қоғамдық қабылдау өткізді. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, тиісті ауылдық округ әкімдері қатысты. Қабылдауға 80 азамат жазылып, өтініштерін білдірді.
Өтеген батыр, Байсерке, Ащыбұлақ, Қараой, Жетіген, КазЦИК, Күрті, Междуреченск ауылдарынан қабылдауға келушілер негізінен – тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу, материалдық көмек алу, тұрғын үй, әлеуметтік сала, инфрақұрылым мәселесімен жүгінді. Аудан әкімі азаматтардың әрқайсын мұқият тыңдап, мәселенің заңдылығын жан-жақты түсіндірді, тиісті сала басшылары да нақты анықтамалар беріп отырды. Кейбір өтініш-арыздар бірден шешімін тапса, енді бірқатары жан-жақты зерделеніп қарастырылатын болды. Бұл бағытта тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.