Бақытты және қауіпсіз балалық шақ

Бақытты және қауіпсіз балалық шақ

Прокуратура органдары құрған «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы шеңберінде ауданда мобильді топ кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында тұрмыстық жағдайы төмен, мұқтаж отбасылардың үйлерін аралап, психологиялық тұрғыдан, моральдық және материалдық тұрғыдан көмек көрсетілуде. Атап айтсақ, барлығы 29 отбасына бірінші кезектегі азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, көмір, отын қажеттілігіне қарай және медициналық көмек керек болған жағдайларда ауылдық немесе аудандық поликлиникалардан көмек алуға кеңес беріліп отыр. Апта сайын дағдарыс карталары рейд нәтижесінде толтырылып 45 отбасына, психологиялық тұрғыданда психолог-мамандардың әңгіме жүргізіліп, әлеуметтік тұрғыданда сапалы кеңестер алып отыр.

Заң және құқық жұмысы бөлімі