Мен сізді үлгі тұтамын!

Мен сізді үлгі тұтамын!

2023 жылдың 12 желтоқсан күні Қазақстанның Еңбек Ері халық жазушысы, ақын, драматург Мұхтар Шахановпен "Мен сізді үлгі тұтамын” тақырыбында ұстаздар, ата-аналар, оқушылардың қатысуымен кездесу өткізілді. Шара барысында рухты ақынның өлеңдері жас өлең ұрпақтың жүрегіне Отанға, туып өскен жерге патриоттық сезім ұялатып, халық арасында танымал бірнеше әндері орындалды. Шараның негізгі мақсаты өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген тұлғаларымызды таныстыру және өрнегі мол жырларын, оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін артыру.