
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап егін жинау жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылық тауарөндірушілері үшін квоталар бөлу және дизель отынын сату qoldau.kz веб-порталы арқылы жүргізілетін болады:
1) меншік және (немесе) жер пайдалану құқығы бар мемлекеттік дерекқорлармен расталған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріндегі алаңдардың электрондық карталары бойынша мәліметтерді енгізу ("жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры және "мемлекеттік жер кадастры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі)»;
2) өткен жылғы ауыспалы егіс бойынша мәліметтер (алқапқа себілген дақыл, өнімділік, алқапқа себілген көлем және танаптар бөлінісіндегі басқа да көрсеткіштер туралы мәліметтер) және ағымдағы жылға арналған жоспарлар/факт (дақыл, егіс алқабы туралы мәліметтер) енгізілген);
3) жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, өткен және ағымдағы жылы дақылдарды егуге арналған алқаптарды пайдалануға автоматтандырылған талдау жүргізу;
4) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің жеңілдікті дизель отынына арналған квотаны бекіту өтініміне ЭЦҚ-мен қол қоюы және қалыптастыруы;
5) облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өтінімді қабылдауы (немесе қабылдамауы) ;
6) бірегей нөмір бере отырып, квотаны бекіту туралы өтінім бойынша жүйелі шешім қабылдауы;
7) ЭЦҚ-мен квота шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен оператор (облыс әкімдігі айқындаған, ауыл шаруашылық тауарөндірушілерге дизель отынын жеткізуді, сақтауды және босатуды қамтамасыз ететін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға) арасында жеңілдікті дизель отынын жеткізуге шарт жасасу;
8) ауыл шаруашылық тауарөндірушінің шотына ("Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ) дизель отынының партиясына ақша аудара отырып, жеңілдікті дизель отынын жөнелтуге арналған өтінішке ЭЦҚ-мен қол қою және қалыптастыру;
9) дизель отыны операторының тиеп-жөнелтуі және электронды шот-фактура жүйесіне тіркей отырып, тиеп-жөнелтуге арналған өтінішті өтеу;
10) дизель отынын тиеп жөнелткеннен кейін және оператор тиеп жөнелтуге арналған өтінішті өтегеннен кейін Жүйенің оператордың шотына (комиссиясыз) автоматты түрде ақша аударуы.
«Іле ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-сі