Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев Күрті округінің тұрғындарымен кездесті

Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев Күрті округінің тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімімен кездесу барысында ауыл тұрғындары жайылымдық жер, үй құжаттарын рәсімдеу, көше жарықтандыру және т.б. мәселелерді көтерді.

Аудан басшысы тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, бөлім және мекеме басшыларына тиісті тапсырма берді. Сондай-ақ нәтижесін бақылауда ұстайтынын жеткізді.