
Қай кезеңде де елдің атын шығаратын мәдениет пен спорт екені баршамызға белгілі. Сондай адамдардың бірі-кентіміздің тұрғыны, қазақ елінің көк байрағын көтеріп, намысын қорғап жүрген 60 пен 70 жас арасындағы әлемдік деңгейдегі үздік 10-дықтағы марафоншы, спорт шебері, спорт ардагері Қанапия Тілеужан ағамыз. Польша, Чехия, Ресей, Венгрия, Германия т.б көптеген мемлекеттерде өткізілген марафондар және 1980 жылы Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойынында қатысып, жүлделі орынға ие болған. Ерен еңбегінің арқасында Республикалық «Ер намысы» қоғамдық бірлестігінің Ұлы Дала Батыры орденімен марапатталды. Алдағы уақытта Малайзияда өтетін марафонға қатысып, жүлделі орынға ие болуына тілектеспіз.