
20.07.2023 жылы Іле аудандық мәслихатының кезекті VII сессиясы болып өтті. Сессия алдында Іле аудандық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссия отырысы өткізілді. Күн тәртібіне қойылған мәселелер комиссия отырысында жан-жақты талқыланып, сессия қарауына бекітуге ұсынылды. Кезекті сессия барысында мәселелермен қатар, «Үздік безендірілген депутаттық бөлме» байқауының жеңімпаздарына дипломдар тапсырылып, сыйлықтар табысталды.