Алматы облысының Іле ауданында бірнеше ауылдық округ пен ауыл атауы өзгереді

Алматы облысының Іле ауданында бірнеше ауылдық округ пен ауыл атауы өзгереді

Әкімдік пен мәслихаттың «Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» бірлескен қаулысы мен шешімі әзірленді. Атап айтқанда, Іле ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауын келесідей өзгерту жоспарланған:

Энергетический ауылдық округін Өтеген батыр ауылдық округіне;

КазЦИК ауылдық округін Асқар Тоқпанов ауылдық округіне;

Энергетический ауылдық округін Покровка ауылын Кенен Әзірбаев ауылына;

Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылын Байкент ауылдық округі және Байкент ауылына;

Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылын Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылына;

КазЦИК ауылдық округі Комсомол ауылын Жайнақ ауылына өзгерту жоспарланған.

Құжат Ашық НҚА сайтында 28 шілдеге дейін жарияланған.