
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша маусым айында Боралдай кентінде (30.06.2023 жылы сағ 10.00-де ) көшпелі семинар өткізілді. Семинар барысында Іле ауданы әкімінің аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Азамат Серікұлы Жандосов мемлекеттік қызметшілердің қоғам мен мемлекет арасындағы байланыста Заң аясында адал қызмет етіп, сапалы жұмыс атқаруға шақырды.