Ер есімі - ел есінде!

Ер есімі - ел есінде!

Аудан әкімі Әбілмәжінұлы Бағдат бұқараны 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Аудан басшысы алдымен Өтеген батыр ауылындағы Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткішіне гүл қойып, сұрапыл соғыста қаза болған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Бабалар рухына тағзым еткен аудан әкімі Әбілмәжінұлы Бағдат, орталық алаңда барша халықты Жеңіс күнімен құттықтады.

Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев Ұлы жеңістің 78 жылдығы қарсаңында ғасыр жасаған ауданымыздың соғыс ардагері Тәңірберген Толғанбаевты төл мерекесімен құттықтады. Құттықтау барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің арнайы құттықтау хатын табыстады. Сондай-ақ аудан әкімі ардагерге зор денсаулық тілеп, майдангерлер жасаған ерлік ешқашан өшпейтінін, ұрпақтар есінде мәңгі сақталатынын жеткізді. Айта кетейік, Толғанбаев Тәңірберген 1923 жылдың 1 мамырында Жетісу облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Өтеген батыр ауылының тұрғыны.