Қар көшкіні, ықтималды су тасқынына дайындық

Қар көшкіні, ықтималды су тасқынына дайындық

КазЦИК ауылдық округі әкімінің ұйымдастыруымен "қар көшкіні, ықтималды су тасқыны және олардың залалдарын азайту” мақсатында “Ілеирригация” қызметкерлері және Монтажник, Ивушка саяжайларының төрағаларымен кездесу өткізді.

Жергілікті атқарушы орган және “Ілеирригация” қызметкерлері КазЦИК ауылдық округінің қауіпті аумақтарына, атап айтсақ: Монтажник, Ивушка саяжайларындағы Жармұхамед өзені ағысының бойларына сараптама жүргізді.

Зерделеуден кейін шұғыл түрде эксковатор техникасы тартылып, Кристалл, Кирпичник саяжайларына өтетін 4 көпір өткелдері тазартылды.

Монтажник, Ивушка саяжайларының төрағалары демалыс күндері тұрғындарды тарта отырып, 5 көпір өткелін тұрмыстық қалдықтардан (балон, бөтелке, пакет) тазартты.