
Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев @bagdat.karasaev азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдауға ауданның 10-нан астам тұрғыны келді. Олар Байсерке, Өтеген батыр, Қараой, Ащыбұлақ, Казцик, Жетіген ауылының тұрғындары.
Аудан тұрғындарының басым көпшілігі баспана алу, жерін заңдастыру, көгілдір отынға қосылу, жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінді. Аудан әкімі әр адамның жағдайына жеке тоқталып, заңды шешілу жолдарын айтты. Кейбір азаматтардың мәселесін жедел шешу үшін тиісті сала мамандарына тапсырма берді.