«Алматы облысының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын бекіту туралы» облыстық мәслихат сессиясы

«Алматы облысының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын бекіту туралы» облыстық мәслихат сессиясы

Алматы облысы әкімінің 2022 жылғы 11 тамыздағы № 76-ө/қ «Мемлекет басшысының Қонаев қаласына жұмыс сапарын әзірлеу және өткізу туралы» өкіміне сәйкес, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ы Алматы облысының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының жобасын әзірледі.

Стратегияда 2025-ші және 2030 жылдарға дейінгі

2 кезеңде жүзеге асырылатын 5 негізгі стратегиялық бағыт айқындалды, бұл:

  1. Теңгерімді аумақтық даму;
  2. Адами капиталдың сапасын арттыру;
  3. Халыққа қол жетімді инфрақұрылым;
  4. Халықтың табысын арттыру;
  5. Тұрақты экономикалық өсу.

Сонымен қатар, мынадай бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемалар ескерілді: 52 үш ауысымды мектептер, 70% (239) денсаулық сақтау объектілері жалдамалы және бейімделген ғимараттарда орналасқан, 35,3 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр, қоғамдық көлік қатынасы жеткіліксіз, электр (70%), сумен жабдықтау (58%), кәріз (65%), жылумен жабдықтау (42%) желілерінің тозуы, 700 мың тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталған, оның ішінде Алматы қаласынан – 450 мың тонна, олар жиналып өңделмейді.

183 мың адам тұратын 674 саяжай бар, онда әлеуметтік нысандар мен инженерлік инфрақұрылым жоқ.

Халықтың табысы төмен деңгейде қалып отыр: 2021 жылы жан басына шаққандағы орташа табысы 112178 теңгені құрап, республикада 16 орынды иеленеді.

Жалпы, Алматы облысының даму Стратегиясын іске асыру 2030 жылға қарай экономиканың 1,5 есе өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, оның ішінде тауарлар өндірісі 2,6 есе (ауыл шаруашылығы - 3 есе, өңдеу өнеркәсібі - 2,6 есе), қызметтер өндірісі - 3,3 есе ұлғаяды (көлік - 3,2 есе, көтерме сауда - 4,7 есе, бөлшек сауда - 3,9 есе).

Аудандар мен қалалар экономикасының 2030 жылға дейін өсуі болжануда: Қонаев қаласында – 2,5 есе, Талғар ауданында – 1,5 есе, Ұйғырда – 1,5 есе, Қарасайда – 168,1%, Іледе – 147,2%, Еңбекшіқазақта – 143%, Балқашта – 127%, Жамбылда – 126,6%, Райымбекте – 117,9%, Кегенде – 105,3%.

Стратегияны іске асырудың тиімділігі: жалпы өңірлік өнімнің жыл сайынғы өсімі кемінде 5%-ды құрайды деп күтілуде. 2030 жылға дейін қажетті инвестициялардың болжамды сомасы 4,5 трлн. теңгені құрайды. Барлық стратегиялық бағыттар мен инвестициялық жобалар бойынша іс-шараларды іске асыру аясында 100 мың жаңа жұмыс орны ашылады, оның ішінде 25 мың жұмыс орны шағын және орта бизнес саласына тиесілі болады.

Тұрақты даму трендтері мыналарды көрсетеді:

  1. 2030 жылға қарай облыс халқының саны 1 млн. 736 мың адамды құрайды;
  1. Халықтың өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетеді;
  2. Халықтың орташа табысының өсуі 2 есеге артып, 225 мың теңгеге жетеді;
  3. Еңбек өнімділігі 9 мың доллардан 18 мың долларға дейін 1,5 есе өседі;
  4. Жұмыссыздық деңгейі 4%-ке дейін төмендейді;
  5. NEET жастарының үлесі 2 есе - 7,4%-дан 3,7%-ға дейін азаяды.

2030 жылға дейінгі даму стратегиясы Алматы облысының экономикасын одан әрі тиімді дамытудың бағдары болады және жайлы өмір сүруді қамтамасыз ете отырып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.