"Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" атты аудандық семинар 

"Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" атты аудандық семинар 

Бүгін "Іле ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ  мамандарының ұйымдастыруымен, "Алматы облысының Тіл" оқу-әдістемелік орталығы" КММ Іле аудандық филиалы қызметкерлерінің қолдауымен, "Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" атты аудандық семинар  өткізілді. Семинарға ауданымыздағы Нотариус қызметкерлері, ауылдық округтердегі тілге жауапты мамандар, заңгерлер, Іле аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы, аумақтық әділет басқармасынан мамандар тартылып, аудандық "Іле таңы" газетінің тілшісі,  Қазақ тілі қоғамының өкілі қатысты. Семинар барысында аудандық "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының директоры Б. Каршалова көрнекі слайд материалдарымен дайындалған баяндамасын оқып, орталық туралы толық ақпарат беріліп, үлестірме материалдар таратты. Сондай-ақ, Нотариат қызметінде жіберіліп жүрген олқылықтар талқыланып, іс қағаздарының мемлекеттік тілдегі аудармаларын    бірізділікке келтіру туралы  ұсыныс айтылды. Бөлім мамандарының тарапынан Нотариус қызметкерлерімен қойылған сұрақтарға жауап беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.