Ұстаздар күнімен

Ұстаздар күнімен

Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Ұстаздар күні» Чапаев ауылындағы Мәдениет үйінде аталып өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Бағдат Қарасаев арнайы қатысты.

Мәртебелі мамандық иелеріне алғашқылардың бірі болып аудан басшысы жүрек жарды тілегін арнады. Сондай-ақ, салтанатты шараға жиналғандар да ұстаздар қауымына құшақ-құшақ гүлдер мен жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Жиын барысында білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздар құрмет грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды. Бұдан бөлек, аудандық өнерпаз жастардың тәлімгерлеріне тарту ретінде əзірленген мерекелік бағдарламасы ұсынылды.