Аудан әкімінің Ақши ауылына сапары

Аудан әкімінің Ақши ауылына сапары

Аудан әкімі Ақши ауылына жасаған сапар барысында елді-мекенде атқарылып жатқан бірқатар жұмыстармен танысты.
Мәселен, биыл Ақши ауылдық мәдениет үйі көгілдір отынға қосылып, өнер ордасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, Ақши ауылының Мұратбаев көшесіне балалар алаңқайы салынды. Ал Әубәкіров көшесінде жастарға арналған спорт алаңы мен балалар алаңқайының құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта осы аумақтың айналасы абаттандырылып тұрғындарға жағдай жасалмақ.
Сондай-ақ, Т.Бокин мен Д.Қонаев көшелерінің қиылысына заманауи үлгідегі стрит воркаут алаңдары орнатылды. Көше жарықтарының лампалары ауыстырылып, бағандары жаңартылуда.
Осы жылы ауылдағы Рысқұлов, Төле би, Б. Ақула көшелеріне тас жол төсеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта Қарасай батыр және Жамбыл көшелерін жөндеу жоспарда тұр.