Бюрократиядан арылу бойынша кеңес

Бюрократиядан арылу бойынша кеңес

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Мұқатайқызы Бейсеқұлова, Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Айдын Әуесбайұлы ауданымыздағы денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік саладағы еңбек ұжымдарымен кездесіп, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі әкімшілік кедергілерді жою мәселелері, бюрократиядан арылту бойынша кеңес өткізді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы, 1 қыркүйек 2022 жылы Қазақстан халқына жолданған «Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам» атты Жолдау талқыланды.