Нотариаттық іс-әрекет жасаудағы мемлекеттік тілдің рөлі

Нотариаттық іс-әрекет жасаудағы мемлекеттік тілдің рөлі

Бүгін аудандық кітапхана ғимаратында «Нотариаттық іс-әрекет жасаудағы мемлекеттік тілдің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға аудан бойынша жеке және заңды тұлғаларға білікті құқықтық кеңес қызметін жүзеге асырып отырған бірнеше нотариус қызметкерлері келіп қатысып, іс қағаздарының мемлекеттік тілде дұрыс рәсімделуінің маңыздылығы, сұранысқа, азаматтардың қойған талаптарына сай, Заң талаптарына сай жасалуы туралы маңызды ақпарататтар алып, өз ұсыныс, пікірлерін білдірді. Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Рақымжан Б.К. бөлім тарапынан жан-жақты әдістемелік көмекке әрдайым дайын екенін айтып, келіп қатысқандарға еңбектеріне сәттілік тілеп алғысын айтты.