Келешектің тұтқасы білімді ұрпақта

Келешектің тұтқасы білімді ұрпақта

Іле ауданы Боралдай кентіндегі №39 мектеп - гимназиясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай, дарынды оқушыларға арналған аудандық «Балалар жылы: Келешектің тұтқасы білімді ұрпақта» атты шеру өтті.

Аталған шараға аудан көлеміндегі 51 мектептің қабырғасында білім алып жүрген ауданымыздың даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткен мақтаныштарымыз, олимпиада, білім байқаулары, өнер және спорт сайыстары мен интеллектуалдық сайыстардың жеңімпаздары қатысты.

Шеруді ашқан аудан әкімі Бағдат Қарасаев мектептің үздік оқушылары, түрлі халықаралық, республикалық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері атанған оқушыларды мақтау қағазымен мадақтады. Сондай-ақ үздік ұстаздар мен бала тәрбиесіне атсалысқан ата-аналарды да құттықтап, алғыс хат табыстады. Шерудің соңында оқушылар ән мен биден шашу шашып, мерекелік көңіл - күй сыйлады.