Аудан әкімі Бағдат Қарасаев мектеп бітіруші түлектерді соңғы қоңыраумен құттықтады

Аудан әкімі Бағдат Қарасаев мектеп бітіруші түлектерді соңғы қоңыраумен құттықтады

Сын сағатта сүрінбеңдер, түлектер!

Құрметті мектеп түлектер! Қадірлі ата-аналар! Қымбатты ұстаздар!

«Соңғы қоңырау» деген бір ауыз сөзде, шындығына келгенде, қаншама тылсым да мағыналы мән жатқандығын тереңіне бойлаған жан ғана түсінетін шығар! Өйткені, бұл қара шаңырақтан түлеп ұшқалы тұрған жас түлектердің киелі білім ордасынан жез қоңырау үнін соңғы рет есту сәті ғой!

Біздің ауданымыздағы білім ордаларынан жүздеген алтын белгі иегерлері шығып, өздерінің білімділіктерін дәлелдеп, еліміздің, алыс-жақын шет елдегі жоғары оқу орындарына оқуға түсіп, ауданымыздың абыройын асқақтатады деген сенімдемін.

Құрметті түлектер, Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары – Сендерсіңдер. Сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулеріңе тілектеспін! Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары ұпай жинап, тек жақсы жетістіктеріңмен, жоғарғы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» –деп ұлы Абай атамыз айтқандай, қандай қиын сәттерден жасымай өткен ұстаздар қауымына алғысым шексіз! Сіздерге еңбек демалыстарыңызды жақсы өткізіп, келесі оқу жылын тың күшпен, жақсы көңіл-күймен бастауларыңызға тілектеспін.

Қадірлі ата-аналар, Сіздер де ұл-қыздарыңызбен бірге он бір жыл бойы толғатып, балаларыңыздың біліміне алаңдап, олардың болашағы үшін қам жейтіндеріңіз белгілі. Сіздерге тәрбиелеп отырған ұл-қыздарыңыз тек жақсылығымен қуантып, биік белестерден көрініп, азаматтық өмірге басқан қадамдарындағы алғашқы сын ҰБТ сынағынан сүрінбей өтіп, жоғары нәтижеге қол жеткізіп, көз қуаныштарыңыз болып жүре берсін демекпін.

Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі ел бастайтын тұлға. Сондықтан, ауданымыздың әрбір түлегіне азаматтық өмірде сәттілік тілей отырып, ауданымыздың, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын білімді де білікті тұлға болуларына тілектестік білдіремін.

Жолың ашық болсын, жас түлек!!!!