Іле ауданының әкімі Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы әскери бөлім сарбаздарын мерекемен құттықтады

Іле ауданының әкімі Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы әскери бөлім сарбаздарын мерекемен құттықтады

Іле ауданының әкімі Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы әскери бөлім сарбаздарын мерекемен құттықтады. Мерекеге орай, аудан әкімі Казцик ауылындағы №16194 әскери бөліміне барды.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Бұл мереке - еліміз үшін өте қастерлі. Себебі елдің тыныштығы ең басты құндылық болса, Отанды қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы. Сондай-ақ, биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр.

Қос мерекемен құттықтаған аудан әкімі өз сөзінде: «Ұлтаралық келісім мен тұрақтылық, достық пен ынтымақтастықтың үлкен шаңырағы – Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қауіпсіздігіне және оны мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өмір сүруіне егемен еліміздің Қорғаныс Күштері кепіл болады. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау – ел азаматтарының қасиетті борышы» - деді.

Салтанатты жиын барысында аудан әкімі үздік сарбаздар мен офицерлерге алғыс хат табыстап, ауданның әскери бөлімдеріне сый-сияпат жасады. Шара соңы мерекелік бағдарламамен жалғасты.