
Бүгін Өтеген батыр ауылы, Қуат ықшам ауданы, №24 лицейдің базасында, білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің өзекті мәселелері» тақырыбында кездесуге өткізілді. Аталған кездесуге аудандық аудан әкімінің орынбасары – Ибраев Серікжан Берикович, аудандық прокуратураның прокуроры -Бейімбет Еркебұлан Бейбітұлы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері аға лейтенант -Нұрсағылов Мирас қатысуымен өтті. Іс-шараға мектеп директорлары, мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, ата-аналар шақырылды. Жалпы кездесуге 198 катысушы шақырылған, оның 196 қатысып отыр, 2 белгілі себептермен қатыса алмады.
Кездеудің мақсаты: Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын жандандыру, тәрбие бағытында орын алып отырған өзекті мәселелер, балалар қауіпсіздігінің алдын алу.
Кездесуде «Жасөспірімдер арасындағы және оларға қатысты құқықбұзушылықтар туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттердің алдын алу», «Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық әрекеттер мен жыныстық тиіспеушілік», «Балалар қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу», «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі», «Мектептегі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың және Заң алдында ата-ананың міндеті», «Білім беру ұйымдарында қатер тобын анықтау және алдын алу», «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік жағдайлардың орын алу себебі және атқарылған жұмыстар» тақырыптарында баяндамалар оқылып, талқыланды. Кездесу соңында «еркін микрофон» қолдана отырып, сұрақтар қойылып, жауаптар алында.