
Бүгін Іле ауданының Жәпек батыр ауылында 900 орындық жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті. Жаңа № 51 орта мектеп Жәпек батыр ауылындағы №4 орта мектептің үш ауысымдылығын жойды.
Қазіргі таңда жаңа оқу ордасында 1344 оқушы бар, 63 сынып-комплект бар. Мұнда 102 мұғалім сапалы білім беріп, саналы ұрпақ қалыптастыру тұрғысында еңбек етеді.