Чапаев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу

Чапаев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу

Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев тұрғындармен кезекті тұрақты кездесуін Чапай а/о өткізді. Кездесу аудандық мәдениет үйінде өтті.

Айта кетейік, былтырғы жылы Чапай ауылының Жеңіске 30 жыл көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, Абай көшесіндегі ойық - шұңқырлар да жамалды. Округтің Маусым, Алтын Дән, Құлагер, Жұмбақтас көшелеріне қиыршық тас төселді.

Сонымен қатар, ауылдың Гагарин көшесіне спорт алаңы салынып, онда ұзындығы 300 метр жаяу жүргінші жолы жасалды. Бұған қоса, Гагарин көшесіндегі №52 электр трансформаторы ауыстырылып, 130 үй жаңа электр желісіне қол жеткізді.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында округтегі жарық диодты шамдар ауыстырылып, жаңартылды.

Кездесуде аудан әкімі осы және ауданда атқарылып жатқан өзге де жұмыстар туралы баяндады. Ал кездесу соңында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырма берді.