Әдеп жөніндегі уәкіл түсіндіру жұмысын жүргізді

Әдеп жөніндегі уәкіл түсіндіру жұмысын жүргізді

28.03.2022 жылы Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2022 жылы бекітілген жоспарға сәйкес, Энергетический ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен  Қазақстан Республикасы Президентінің 22.02.2022 жылғы №814 Жарлығымен 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына өзгеріс енгізілуіне байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іле ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі Азамат Серікұлы Жандосов өзгерістер мен толықтырулар енгізудің мақсаты мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау және олардың қызметтік әдепті сақтауы мәселелері бойынша заңнама нормаларын жетілдіру болып табылатындығын айтып өтті.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін жағдайларға жол бермеуге, қызметімізді абыроймен атқарып, әдептілік қағидаларын үнемі назарда ұстауға шақырды.