Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Бүгін Өтеген батыр ауылындағы Орталық стадионда «Төрлет Наурыз төріме, береке бер еліме» атты мерекелік шара өтті.

Мереке барысында концерттік бағдарлама, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар (қазақша күрес, қошқар көтеру, тоғызқұмалақ, кір тасын көтеру, шахмат, дойбы, асық ату, арқан тарту, қол күрес) өтті.

Сонымен қатар, ұлттық көрмелер, бауырсақ party, домбыра party ұйымдастырылып, аудан тұрғындарына арналған (тегін) дәмі тіл үйірер наурыз көже мен палау, ұлттық тағамдар ұсынылды.

🌹Наурыз мейрамы құтты болсын!