Өткен тәулікте Алматы облысында 329 адам КВИ жұқтырғаны анықталды

Өткен тәулікте Алматы облысында 329 адам КВИ жұқтырғаны анықталды

Талдықорғанда – 43 жағдай, Қарасай ауданында – 42, Жамбыл ауданында – 38, Талғар ауданында – 32, Қаратал ауданында – 25, Алакөл ауданында – 20, Іле, Панфилов және Ұйғыр аудандарында 19 жағдайдан, Еңбекшіқазақ ауданында – 17, Текелі қаласында – 14, Кербұлақ ауданында – 12, Балқаш, Ескелді аудандарында 7 жағдайдан, Көксу ауданында – 6, Райымбек ауданында – 5, Қапшағай қаласында – 3, Ақсу ауданында 1 жағдай тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 69 адам емделіп шықты. Өңір "ҚЫЗЫЛ" аймақта.

19.01.2022 жылғы жағдай бойынша өңірде 804 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 136 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны – 2000. Төсек-орын жүктемесі – 40,2 %. Жансақтау бөлімінде 8 адам ем қабылдауда. Жансақтау бөліміндегі төсек орындадың жүктемесі 4,0 % құрайды (200 жатын орын).

Соңғы 3 күнде 5831 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 912 274. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2054. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 851 309. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1624.

Құрметті жетісулықтар!
Вакцина коронавирус жұқтырған жағдайда, дерттің асқынып кетуінен қорғайды. Нәтижесінде адамдарға ауруханаға жатудың қажеті шамалы болады. Және екпе алғанда, өлімге әкелетін қайғылы жағдайларды айтпағанның өзінде, коронавирустың ол адамдардың өкпесіне түсіп кетуінен сақтайды.
Екпе – ағзаның қорғаныс қабілетін нығайтады!
Бұл өзіңіз бен жақындарыңызды қауіпті індеттен сақтау үшін өте маңызды!

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі