Алматы облысының терроризмге қарсы шұғыл штабы Алматы облысы мен Талдықорған қаласында әлі де террорлық қатердің «қызыл» деңгейі сақталып тұрғанын, антитеррорлық операциялардың жүріп жатқанын ескертеді.
Шара аясында Алматы облысының Ішкі істер департаменті мен Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігі сарбаздары өңір қауіпсіздігін қорғауда. Блокбекеттер әлі де белгіленген орындарында тұрады.
«Қызыл» деңгей кезінде қауіпсіздік қызметкерлеріне азаматтарды тексеруге, заттарын, көліктерін қарауға, сондай-ақ қозғалысты шектеуге рұқсат берілгенін ескертеміз.
Шерулер мен ереуілдерге тыйым салынған.
Құқық қорғау қызметкерлерінің әрекеттеріне түсіністікпен қарап, талаптарына бағынуды сұраймыз.
Антитеррорлық операцияның аяқталуы туралы мәлімет қосымша хабарланатын болады.