ҚАМБАСЫ ТОЛҒАН ҚОЖАЛЫҚТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚАМБАСЫ ТОЛҒАН ҚОЖАЛЫҚТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Ауылшаруашылық – ауданымыздың экономикаға өлшеусіз үлес қосып жатқан еңселі саласы. Аталмыш саланың ел экономикасын дамытудағы Президентіміз Қ. Тоқаевтың тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асыраудағы рөлі өте маңызды.

Осыған орай, жыл сайынғы дәстүр жалғасып Іле ауданының Мәдениет үйінде ауылшаруашылық қызметкерлер күнін аудан әкімі Бағдат Қарасаев бастаған, ауылшаруашылығы бөлім басшылары, агро саласының ардагерлері мен шаруа қожалықтары қатысқан мерекелік іс шара өтті.
Алғаш мерекелік тілекті аудан әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы бастап, өз сөзінде ауылшаруашылық еңбеккерлерін айтулы мерекелерімен, сондай-ақ Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Сонымен бірге ауданымыздың қамбасын толтырып, ырысын молайтып жүрген шаруа қожалықтарына арнайы марапаттар табысталды. Оның ішінде: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы төсбелгісі мен Құрмет грамотасы, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен аудан басшысының алғыс хаты бар.

Салтанатты жиын аудан өнерпаздары дайындаған арнайы мерекелік бағдарламамен жалғасты.