ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖЫЛ ҮЗДІГІ АНЫҚТАЛДЫ

ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖЫЛ ҮЗДІГІ АНЫҚТАЛДЫ

Биыл алғаш рет Іле ауданында «Жыл үздігі» жастар сыйлығының иегерлері анықталды. Жеңімпаздарды аудан әкімі Бағдат Қарасаев құттықтады. Марапаттау рәсімі Өтеген батыр ауылындағы аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтті.

«Жыл үздігі - 2021» Іле ауданы әкімінің жастар сыйлығы биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Байқаудың мақсаты – жастарды Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табыалды. Сонымен қатар, жастардың қоғамдық-саяси, мәдени өмірге деген белсенділігін арттырып, дарынды жастарға қолдау көрсету.

Жылдың қорытындысы бойынша аудан бойынша 20 үздік анықталды. Оның ішінде «Үздік жас ғалым», «Үздік ұстаз», «Үздік ерікті» сынды аталымдар бар. Үздіктерге арнайы естелік сыйлығы мен 25 мың теңге сыйақы берілді. Сондай-ақ, «Іле жүрегі» еріктілеріне 500 мың теңге көлемінде қаражат табысталды.