
21.12.2021 жылғы дерек бойынша облыста 57 650 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеру арқылы расталған. Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 11, өсім деңгейі – 0,02%.
Соның ішінде Алакөл ауданында – 4, Еңбекшіқазақ ауданында – 2, Іле, Жамбыл, Панфилов, Кеген, Балқаш аудандарында - 1-ден.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 8782 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте 9 адам ауырған: Қарасай ауданында – 7, Еңбекшіқазақ ауданында – 2.
12.12.2021 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 1 186 314 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 2671.
Барлығы 457 адам стационарлық ем қабылдауда. Ауруханаларға бір тәулікте 24 адам түсті, 27 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 29,9%. Жансақтау бөлімінде 12 пациент жатыр, соның 1-еуі ИВЛ аппаратына қосылған.
Облыста бір тәулікте COVID-19 инфекциясынан 13 адам жазылды.
COVID-19 қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 904 464 адам алды, соның 2222-сі өткен тәулікте егілді. 2-ші компонентін 818 833 адам алды, оның 2462-сі екпені өткен тәулікте салдырды.