Байсерке ауылдық округі әкімдігі «Open space» форматына жабдықталды

Байсерке ауылдық округі әкімдігі «Open space» форматына жабдықталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында тағы бір сервистік әкімдік өз жұмысын бастады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын Мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында Байсерке ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Open space», яғни ашық әкімдік форматына жабдықталды.
«Open space» форматында мемлекеттік органдардың азаматтарға қолжетімділігі артып, кедергісіз ортаны қалыптастырып, ақпараттық жүйелер арқылы тұрғындар үшін барлық қызмет көрсетіледі.
Бұл формат қызметтерді алудың жеделдігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз етуге, бюрократия мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқартуға, сондай-ақ халықтың жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
Округ әкімі аппаратында төрт мемлекеттік қызмет көрсетілетін болады (1. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау қызметі бойынша; 2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қызметі; 3. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру; 4. Тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға кезекке қою).
Сондай-ақ, ғимаратта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Мүмкіндігі шектеулі жандарға толық жағдай жасалған. Арнайы шақырту қоңырауы, пандус және Брайль қарпімен жазылған тақтайшалар орнатылды.
Айта кетейік, округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлер саны - 15 адамды құрайды.