16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерейтойлық жиында Іле ауданының гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосып жүрген бір топ қызметкерлер мен ардагерлерге құрмет көрсетілді.

Алдымен барша аудан тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған аудан әкімі Бағдат Қарасаев: «Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің келешегі көркейе түсіп, тәуелсіздігі баянды болсын! Жанұяларыңыз аман, бауырларыңыз бүтін және де Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі тойында еткен еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!», – деді.

Айтулы мерекенің марапаттау бөлімінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай ауданымыздың әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген аудан азаматтары: «Еңбек даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Шапағат» медалімен, Іле ауданының құрметті азаматы атағы мен қатар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Салтанатты шараның соңы эстрада жұлдыздары мен аудан өнерпаздарының тәуелсіздік мерекесіне арнаған «Тәуелсіздік – жырлайтын жырым менің» атты концерттік бағдарламасымен жалғасты.