1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Іле ауданында жаңа зауыт ашылды

1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Іле ауданында жаңа зауыт ашылды

1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Іле ауданының Ақши ауылында «Дәулет-Бекет» ЖШС құрғақ түйе сүтін өңдейтін жаңа зауыты іске қосылды. Салтанатты шараға Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев, Алматы облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының м.а. Қоюмчан Омаров қатысты.

«Дәулет-Бекет» тауарлы-сүт фермасы түйе сүтін қазіргі заман талабына сай өңдеп, Қазақстан аумағында ғана емес, елімізде ерекше орын алатын шұбатты басқа да мемлекеттерге экспортқа шығаруда. Жаңа зауыттың жоба құны - 1,0 млрд.теңгені құрайды. Ауылда 25 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыт айына 30 тонна ұнтақ сүт дайындауға қауқарлы.

Сондай-ақ зауыт өзінің толық циклды қамтуымен ерекшеленеді. Яғни түйе сүті бір жерде сауылып, өңделіп, нарыққа және экспортқа шығарылады.

Бүгінде фермада 5 мыңнан астам түйе бар (қазақ бактрианы) және түрікмен арваны (бір өркешті), келешекте оның санын 15 мыңға жеткізу жоспарланған. Айта кетейік, аталған зауытта күніне орташа есеппен 5-7 мың литр шұбат сауылады.