
2021 жылға арналған аудан Әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамының жоспарына сай, комиссия мүшелері арасында «Nur Otan» партиясының мәжіліс залында "Zoom" бағдарламасы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу шараларының алгоритмі талқыланды. Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және АПБ Жергілікті полиция қызметі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобымен бірлесіп атқарылған іс шаралар нәтижесі жеткізілді.
Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде әр органның, мекеме, ұйымның атқаратын өз ролі бар. Ауданымызда соңғы орын алған жедел жағдайларға байланысты жұмыспен қамту бөлімі, ішкі саясат бөлімі, әлеуметтік қорғау бөлімі, үкіметтік емес әйелдерді қолдау ұйымы өзара пікір алысып, алгортимді зерделенді. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу үшін, мейлінше ақпараттандыру, құқықтық түсіндіру қажеттілігіне басты назар аударылып, осы бағытта жұмысты жалғастыру тапсырылды.