Әділет министрі «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асып жатқан жобаларды тексерді

Әділет министрі «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асып жатқан жобаларды тексерді

Алматы облысы – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің берген тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев пен Премьер-Министр Кеңсесінің бас инспекторы Қабашев Алматы облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасының аясында жүзеге асып жатқан жобалармен танысып шықты.

Министр Іле ауданының Боралдай, Кербулақ ауданының Сарыөзек және Панфилов ауданының Сарыбел ауылында болып, әлеуметтік инфрақұрылымның жай-күйімен танысып шықты. Жекелей алсақ, орта мектепке жасалған кешенді, балабақша мен мәдениет үйінің ғимаратына  жасалған жөндеу жұмыстарының барысын пысықтады.

Бұдан басқа министр Ескелді ауданы Бақтыбай селосында салынып жатқан газ құбыры мен газ бөлу желісінің құрылысымен танысты. Жұмыс сапары барысында Марат Бекетаев Ұйғыр ауданындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын көріп, Еңбекшіқазақ ауданы Масақ селосындағы су құбыры желісінің қайта жөнделуін бақылап қайтты. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша әділет министрі облыс басшысымен бірлесе, әлеуметтік жобалар іске асып жатқан аудан, село әкімдерінің қатысуымен жиналыс жасады. Министр аталған нысандардың дәл уақытында бітуі қажет екендігін назарға салды. Жалпы Алматы облысында 732 ауылдық елді мекен бар, оның 457-ң әлеуеті мықты, жалпы халық саны 1,5 млн адамды құрайды.

«Ауыл – ел бесігі» жобасының жүзеге асқан кезеңі 2019-2020 жылдары жалпы халық саны 264 мыңды құрайтын 25 ауылдық елді-мекенде сомасы 19,8 млрдты құрайтын 75 жоба жүзеге асқан.  Бұдан басқа 2022 жылға 72 ауылдық елді-мекенде жүзеге асатын сомасы 21,7 млрд теңгені құрайтын жобалар тізімі бекітілді.

Айта кетейік,  «Ауыл – ел бесігі» жобасы ауылдағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Жолдардың құрылысы, сумен қамтамасыз ету, тұрғын-үй коммуналды кешені, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт саласындағы жаңа нысандардың пайда болуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы – барлығы осы бағдарламаның аясында жүзеге асады.

Анықтама ретінде:  "Ауыл-ел бесігі"жобасы 2019 жылдан бері жүзеге асып келеді. Оның аясында ауыл халқының 90 пайызы өмір сүретін, әлеуеті мықты 3,5 мың ауылдық елді-мекен таңдалынды. Жекелей алсақ, 1173 тіректі және 2 388 спутниктік ауылдар.

https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/277142?lang=kk