Өткен тәулікте Алматы облысында 370 адам КВИ жұқтырған

Өткен тәулікте Алматы облысында 370 адам КВИ жұқтырған

Өткен тәулікте Алматы облысында 370 адам КВИ жұқтырған. Соның ішінде Талдықорған қаласында - 155 жағдай, Талғар ауданында - 36, Жамбыл ауданында – 23, Қарасай ауданында – 22, Панфилова уданында – 17, Текелі қаласында – 16, Еңбекшіқазақ және Ескелді аудандарында 15 жағдайдан, Іле ауданында – 12, Ұйғыр ауданында – 10, Қаратал, Көксу, Кеген аудандарында 9 жағдайдан, Балқаш ауданында – 8, Кербұлақ және Сарқан аудандарында 7 жағдайдан тіркелді. Сондай-ақ 252 адам жазылып шықты. Өңір "ҚЫЗЫЛ" аймақта. 16.08.2021 жылғы жағдай бойынша өңірде 3362 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 66-ы жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 330 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны 5500. Төсек-орын жүктемесі – 61,1 %. Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 617 650. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2444. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 482 119. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2322.