
Облыс бойынша соңғы тәулікте 59 адам КВИ жұқтырғаны анықталды, өсім деңгейі - 0,2%. Соның ішінде Балқаш ауданында - 3, Еңбекшіқазақ ауданында - 5, Жамбыл ауданында – 7, Іле ауданында – 7, Қарасай ауданында - 6, Қаратал ауданында - 3, Кербұлақ ауданында - 1, Көксу ауданында - 3, Талғар ауданында – 10, Ұйғыр ауданында - 1, Талдықорған қаласында – 13. Инфекция жұқтырған 59 адамның 20-сы (33,9%) - 14 жасқа дейінгі балалар.
02.07.2021 жылғы дерек бойынша 534 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 20-сының хәлі ауыр. Бір тәулікте ауруханаларға 69 адам түсті. Инфекциялық төсек-орын толымдылығы - 37,3%. 73 адам ауруханалардан шықты.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 4937 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте Ақсу (3), Қарасай (4), Райымбек (3), Кеген аудандарында (1), Талдықорған қаласында (2) – жалпы саны 13 дерек анықталды. Олармен 24 адамның байланыста болғаны белгілі болды. Барлығы медициналық бақылауға, үй карантиніне алынды.
01.07.21 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 736178 адам зертханалық тексеруден өтті. Соңғы үш күнде тексерілгендер саны - 6332.
Жалпы Алматы облысында Covid-19 инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 356881 адам, ал екінші компонентін 213734 адам салғызды.