
Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан басшысы: «Полицияда қызмет істеу – маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Сіздерге қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын алу бойынша күрделі міндеттер жүктеледі. Сіздер күнделікті қызметтеріңізде адамдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайсыздар. Халық көп жағдайда биліктің ашықтығы мен адалдығын сіздердің іс-әрекеттеріңізге қарап бағалайды» - деді. Жиын соңында үздік деген сала мамандарына алғыс хат табысталды.
Айта кетейік, ауданымыздың полиция басқармасының жалпы жеке құрамында 267 қызметкер жұмыс атқарады. Олар 47 қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілген. Басқармада 65 учаскелік инспекторының штаты болса, оның 4-і бүгінде бос лауазым. Сонымен қатар, 65 учаскелік инспекторға 18 қызметтік көлік берілген. Өткен жылы 13 млн.теңгеге жедел басқару орталығына (ЦОУ) 24 бейнебақылау камералары орнатылды. Ағымдағы жылы қоғамдық орындарда 150 бейнебақылау камерасын орнатуға бюджеттік өтінім берілді.