
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында аудан әкімі аппаратының азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінде «Бала тууды тіркеу» мемлекеттік қызметі бойынша ағымдағы жылдың басынан 3000 және 3001 ші болып мемлекеттік қызмет алушыларды марапаттау рәсімі өтті.
Аталған шара 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күні мерекесі қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті мен облыс әкімдігінің арнайы іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылды.
Ауданымызды 3000 және 3001 ші болып дүниеге келген сәбилердің отбасыларын аудан әкімі аппаратының басшысы Жандосов Азамат Серікұлы, Аудандық аналар кеңесінің төрайымы ҚР Мәдениет қайраткері, ауданның құрметті азаматы Жабиева Мейрамгүл Түйебайқызы арнайы құттықтады.