Соңғы тәулікте 54 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Соңғы тәулікте 54 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

07.06.21 жылғы мәлімет бойынша облыста КВИ-дің зертханалық расталған 26 448 дерегі тіркелген.

Соңғы тәулікте 54 адам ауырған, өсім деңгейі - 0,2%.

Соның ішінде Талғар ауданында - 22, Жамбыл ауданында – 6, Ескелді ауданында – 5,  Іле, Еңбекшіқазақ аудандарында - 4-тен, Балқаш ауданында, Талдықорған қаласында – 3-тен, Қарасай,  Қаратал, Сарқан аудандарында – 2-ден, Кербұлақ ауданында – 1.

01.08.20 жылдан бастап анықталмаған пневмонияның 4693 дерегі тіркелген, соңғы тәулікте анықталғаны – 11, соның 8-і – Қарасай ауданында. Сырқаттар басқа адамдармен байланыста болмаған.

07.06.21 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 690 147  адам зертханалық тексеруден өткен, соңғы үш күнде тексерілгендер саны - 5607.

1043 адам стационарлық ем қабылдауда, оның 39-ының хәлі ауыр. Бір тәулікте ауруханаларға 59 адам түсті, 56 адам ауруханалардан шықты. Инфекциялық төсек орын толымдылығы - 42,3%.

Жалпы бір тәулікте 55 адам КВИ-дан айықты.

07.06.2121 жылғы жағдай бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның І компоненті 1437 адамға, ІІ компоненті 631 адамға салынды. Жалпы І компонентін алғандар саны – 233 489 адам, ІІ компонентін алғандар саны – 138 816 адам.

Өңір коронавирустың таралу жылдамдығы бойынша "жасыл" аймақта тұр.