Өте шұғыл! 25.05.2021 ж.

Өте шұғыл! 25.05.2021 ж.

Іле ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі 2021 жылы 01 маусым 12 сағат 55 минутта аудандық құлақтандыру жүйесінің техникалық тексерісін жүргізу мақсатында электр дабылдар 30 секундқа қосылатынын хабарлайды. Осыған орай, Сіздерден үрейге салынбауларыңызды және түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, Іле ауданының ТЖБ Сіздерге Төтенше жағдайлар тундаған жағдайда электр сиренаның қосылуы кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады.

Егер Сіз сигналды үйде естіген болсаңыз:

  • Радио және теледидар қабылдағыштарын қосыңыз;
  • Шұғыл хабарламаны таратыңыз;
  • Берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер Сіз сигналды көшеде естіген болсаңыз:

  • Көшедегі дауыс зорайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы берілген шұғыл хабарламаны тыңдыңыз;
  • Берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.