1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Құрметті аудан тұрғындары!


Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан халқы үшін бұл мейрамның орны бөлек. Бейбітшілік пен татулықты басты орынға қойған қазақстандықтар ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі болған 1 мамыр мерекесін қашан да асыға күтеді. Өйткені, бұл Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

Қазақстанның алдында тұрған басты міндет – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау. Өйткені, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз!

Ендеше, Қазақстанда тұратын әрбір адам маңызды байлығымызды бағалап, оны сақтау жолында аянбай еңбек етуі тиіс. Қазақ халқын бауырмал дейтін болсақ, қиын кезеңдерде елімізге пана іздеп келген басқа ұлт өкілдерінің бәрін құшақ жая қарсы алып, бір үзім нанын бөліп беріп, қамқорлығына алды.

Соған сәйкес қазақ жері қаймағы бұзылмаған көпұлтты мемлекетке айналды. Біздің ауданның өзінде 30дан астам этнос өкілдері тату-тәтті, береке-бірлікте өмір сүріп жатыр.

«Ырыс бар жерде, ынтымақ бар», – деген халық даналығы бекер айтылмаған. Ынтымақ пен ауызбірлік, сыйластық пен жарастық бар жерде атқарылатын іс те, қол жеткізілетін нәтижеде берекелі болмақ.

Соның нәтижесінде, Қазақстанда қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Аудан халқының достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, ұлтаралық татулығымыз әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!