
20.04.21 жылғы дерек бойынша облыста КВИ-мен сырқаттанудың зертханалық расталған 18839 жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте коронавирустың 285 дерегі тіркелді. Өңір індеттің таралу деңгейі бойынша "сары" аймақта.
Соның 49-ы - Талдықорғанда, 37-сі - Еңбекшіқазақ ауданында - 37, Тағар ауданында - 25, Жамбыл ауданында - 24, Ұйғыр ауданында - 23, Панфилов ауданында - 22, Іле ауданында - 20, Қарасай ауданында - 15, Кербұлақ ауданында, Текелі қаласында - 14-тен, Қаратал ауданында - 11, Көксу ауданында - 8, Алакөл, Ақсу аудандарында - 7-ден, Балқаш ауданында - 4-тен, Қапшағай қаласында - 3, Райымбек, Кеген аудандарында - 1-ден.
Барлығы байланыста болған 804 адам анықталды, олар түгел үй карантинінде, медициналық бақылауда.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 3276 дерегі тіркелді, ал соңғы тәулікте 44 жағдай: Қарасай (26), Еңбекшіқазақ, Сарқан аудандарында (5-тен) және Талдықорған (8) қаласында. Олармен 53 адам байланыста болған, барлығы медицина мамандарының бақылауында, үй карантинінде.
20.04.21 жылы ПЦР тәсілімен зертханалық тексеруден 573 297 адам өтті, соңғы үш тәулікте тексерілген адам саны - 8895.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі