Соңғы тәулікте өңірде 278 адамнан ковид инфекциясы анықталды

Соңғы тәулікте өңірде 278 адамнан ковид инфекциясы анықталды

Алматы облысында өткен тәулікте 278 адамнан коронавирус анықталды. Өңір "қызыл" аймақта.

Соның ішінде Еңбекшіқазақ ауданында - 50 жағдай, Талдықорған қаласында - 46, Талғар ауданында – 24, Кербұлақ және Жамбыл аудандарында – 21-ден, Іле және Панфилов аудандарында - 20-дан, Көксу ауданында – 18, Текелі қаласында – 16, Қарасай ауданында – 12, Ұйғыр ауданында – 8, Қапшағай қаласында – 7, Ескелді және Райымбек аудандарында - 6-дан, Балқаш, Сарқан және Кеген аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.

Ауруханаларда 1936 адам ем қабылдауда, соның 29-ының жағдайы ауыр. Бір тәулікте ауруханаларға 120 адам ем қабылдауға жатқызылды. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 50 %-ке толған.

Сондай-ақ өткен тәулікте облыс бойынша 61 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Соңғы 3 күнде 7237 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.

Науқастармен қарым-қатынаста болған 680 адам анықталды. Барлығы үй карантинінде және медицина қызметкерлерінің бақылауында.