
Іле ауданының ТЖБ ескертеді. 05.02.2021 жылғы №2 АГҚ "Қазгидромет" РМК дауылды ескертуі негізінде 2021 жылғы 6-8 ақпан аралығында оң температуралық фонның болжамына және аралас жауын-шашынның түсуіне байланысты Алматы облысында және Алматы қаласының іргелес аумағында көлбеу ағынның қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Осыған байланысты, келесі маңызды ережелерді еске саламыз: азаматтарға жолға шығар алдында автомобильдерде ауа райы жағдайлары мен дауылды ескертулерге назар аудару қажет, жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыру және машинада күрек пен балта, жылы киімдер, сіріңкелер мен шырақтар, азық-түлік және ЖЖМ қоры, құрал-саймандар жиынтығы мен сүйреткіш трос, алғашқы медициналық көмек қобдишасы мен оқталған ұялы телефон болуы қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда тәуліктік бірыңғай құтқару қызметінің "112" нөміріне немесе "101"нөміріне қоңырау шалыңыз.