Қысқы күтіп ұстау

Қысқы күтіп ұстау

Аудан аумағындағы көше жолдарын жол қозғалысы мен олардың қатысушыларының қауіпсіздігін және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында қысқы күтіп ұстау бойынша тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жолдарды тазалауды АҚ ҰК «ҚазАвтоЖол» Ақылы жолдар дирекциясы», «МАКС ДОРСТРОЙСЕРВИС-21» ЖШС, «ДЭУ -20» ЖШС, «РСУ-1» ЖШС мердігерлік ұйымдары жүргізеді.

Аудан жолдарының тазалығын қадағалау бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды «Іле ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі және аудандық әкімшілік полиция басқармасының техникалық қадағалауы жүзеге асырады.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстарымен «Қазавтожол» ҰК АҚ, «ДЭУ-20» ЖШС және Ақылы жолдар дирекциясы бөлімшелері айналысады. Жауапты тұлғалар: А.Боранбаев (ДЭУ-20) – 87759331372, Тұрғынбеков Н.(Алматы-Капчагай) – 87717544478, Н.Амантаев (Алматы-Хоргос)  – 87473723701.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстарымен «ЖҚБ-1» ЖШС айналысады.Жауапты тұлға: Б.Жилекенов - 87011253462

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және ауылішілік жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарымен «МАКС ДОРСТРОЙСЕРВИС-21» ЖШС айналысады. Жауапты тұлға: А. Пестов - 87773844520