VII шақырылған Іле аудандық мәслихат депутаттардың кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлау

VII шақырылған Іле аудандық мәслихат депутаттардың  кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлау

2021 жылғы 10 қаңтарда Іле аудандық мәслихаты депутаттарының бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 162918 азамат енгізіліп, оның 110877-сі немесе 68 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 110877 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 142 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 1664 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 5 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

Қазақстан Халық партиясы-8975 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,1 % ;

"Nur Otan" партиясы-83404 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 75,3 % ;

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-9083 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,2 % ;

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы-8934 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,07 % - ын құрайды;

"ADAL" саяси партиясы – 370 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,3%.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:

Қазақстан Халық партиясы-2 мандат;

"Nur Otan" партиясы-18 мандат;

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-2 мандат;

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы-2 мандат.

Іле аудандық сайлау комиссиясы